«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЙЫЗЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНА КЕЛДІ

48

0

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЙЫЗЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНА КЕЛДІҚазақстан
Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай жасақталған «Мәңгілік
ел» пойызы Қазалы ауданына келіп тоқтады. Қазалы жұрты теміржол
вокзалында пойызды ерекше салтанатпен қарсы алды. Қонақтарды күтіп алу
салтанатында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов: ««Мәңгілік ел» пойызының
ауданымызда болуы – біз үшін үлкен мәртебе. Сондықтан, бүгінгі сапарларыңызға
сәттілік тілеймін!» – деді.

Пойыздың құрамында министрлік
пен мекеменің мамандары, медицина қызметкерлері, этностық-мәдениет
бірлестігінің басшылары, дамыту қаржы институттары мен ғалымдар болды.

Республикалық ғылыми
орталықтардың медицина қызметкерлерінен құралған тағы бір топ аудандық емханада
тұрғындарды тегін қабылдап, кеңес берді.
Алдын ала хабардар болған тұрғындар білікті мамандардан кеңес алу үшін
ауылдардан да келді. Қабылдау барысында науқастарға тегін ем алу мен операция
жасату үшін Алматы, Астана қалаларына жолдамалар да берілді.

«Мәңгілік ел» пойызының мүшелері
кәсіпкерлер палатасында да жергілікті тұрғындармен кездесті. Топ құрамындағы
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы
холдингінің өкілдері кәсіпкерлермен, өз ісін бастауға ниетті азаматтармен
кездесіп, мемлекеттік бағдарламалар туралы тегін қабылдау жүргізді. Топ
құрамындағы бухгалтерлер, маркетологтар, заңгерлер тұрғындардың «Бизнестің жол
картасы — 2020» бағдарламасының тетіктері, субсидиялау, жеңілдікпен несие алу,
кепілдеме алу мен мемлекеттік сатып алу сынды мәселелерге қатысты сұрақтарына
жауап берді.

Халыққа қызмет көрсету орталығының Қазалы
аудандық бөлімі ғимаратында бір топ сала өкілдері азаматтарды қабылдап, Ашық
есік күнін өткізді. Мақсат — халыққа мемлекеттік
көрсетілетін қызметтері алу бойынша кеңестер беру. Шара аясында арнайы мамандар
қазалылықтардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Пойыз
мүшелері Қазалы ауданында ашылған «Әлеуметтік дүкенге» келіп, өз
үлестерін қосты. Айта кетейік, биыл алғаш рет тойланған «Алғыс айту» күнінде
Қазалыда көмекке мұқтаж азаматтарға киім-кешек түрлер тегін таратылатын дүкен
ашылған болатын. Ерекше сауда орындарындағы тауарлар ақшаға емес, адамның бір
ауыз алғысы үшін беріледі. «Әлеуметтік дүкен» жыл соңына дейін
жалғаспақ. Бұдан басқа түрлі тақырыптарда семинар-тренингтер, лекциялар,
кездесулер өткізілді.

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз