МИНИСТРЛІК БАСҚАРМА ЖҰМЫСЫН АТАП ӨТТІ

43

0

МИНИСТРЛІК БАСҚАРМА ЖҰМЫСЫН АТАП ӨТТІҚР Қаржы министрлігінде Мемлекет басшысының Ұлт Жоспары – 5 институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы шеңберінде мемлекеттік сатып алу заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілген болатын.Мәселен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын іске асыру үшін мемлекеттік сатып алу саласында заңға бағынысты нормативтік құқықтық актілері әзірленді. Оны әзірлеуге мемлекеттік ұйымдар тартылған болатын. Солардың арасында Қызылорда облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы ұжымы белсенділігімен көзге түсті. Ниязов Ғалымжан Мұқырұлы басқаратын басқарма қызметкерлері мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде туындайтын мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтауға қатысты көптеген құнды ұсыныстарын өткізеалды. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеудегі өнімді ынтымақтастыққа жұмыс істегені үшін Қызылорда облысы Мемлекеттік сатып алу басқарамасын ҚР Қаржы министрлігі басшылығы Алғыс хатпен марапаттады. Басқарма басшысы мен ұжым мүшелеріне өнімді ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, кәсіптерінде табысқа жетуге, өркендей беруге тілектестігін білдірді.

Қызылорда облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы Елбасының тапсырмасына сай, облыс басшысының қолдауымен 2014 жылы нау­рыз айындареспубликада бірінші болып құрылған болатын. Басқарма ұжымысодан бері бүгінгі күнге дейін нәтижелі жұмыстар атқарды. Бұл орайда конкурстардың ашықтығын, сыбайлас жемқорлық әрекеттердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алубағытындағы жұмыстары жоғары бағалануда. Министрліктің Алғыс хатында Ғ.Ниязов басқарған басқарма ұжымының кәсіптік деңгейі жоғары екенін кезекті мәрте айғақтап тұр.

 

Ы.ТӘЖІҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз