Мирамбек Шуетов: «Менің өмірімнің формуласы – еңбек, еңбек және еңбек»

37

0

Мирамбек Шуетов: «Менің өмірімнің формуласы – еңбек, еңбек және еңбек»Сыр өңірінде өз кәсібін ашушылар қатары күн өткен сайын артуда. Бұл
ретте Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері
мемлекеттік бағдарламалар, қаржыландыру көздері, құралдары туралы
қажетті ақпараттар беру арқылы көмек көрсетуде.
    Кәсіпкерлер палатасының көмегімен бизнесін кеңейтіп жатқан
кәсіпкерлердің бірі – қызылордалық Мирамбек Шуетов. Өзге кәсіпкерлермен
салыстырғанда Мирамбектің жөні бөлек, І топ мүгедегі. Алайда ол
мүмкіндігім шектеулі екен деп қарап қалған жоқ. Сын сағатта ерік-жігерін
жинап, кәсібін бастап кетті.
    «Басымдағы қиындықты өз кәсібімді ашу арқылы жеңдім», – дейді
кәсіпкер. Ол 2000 жылдардың басында алғашқы кәсібін фотосалон ашудан
бастады. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган көп көмегін тигізгендігін
айтқан кәсіпкер, бүгінде осы кәсібі арқылы 10 шақты адамды жұмыспен
қамтып отырғандығын жеткізді.
    «Өз кәсібімді ашу арқылы мен өзімді таптым. Менің өмірімнің
формуласы «Еңбек, еңбек және еңбек». Бұрынғы өмірім мен қазіргі өмірім
мүлдем салыстыруға келмейді. Бүгінде бизнесті жүргізудің қыр-сырларын
үйрендім деп толық айта аламын. Енді шаруамды одан әрі кеңейтуді
жоспарлаудамын. Мебел мен тігін цехын ашқым келді. Ойымды жүзеге асыру
үшін Кәсіпкерлер палатасына кеңес алуға келгенімде облысымызда
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы бар екендігін естідім.
Аталмыш Орталық менің жобамды қаржыландыратын болды. Нәтижесінде 15-20
адамды жұмыспен қамтымақпын»
– дейді.
    Айта кету керек, ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жобаларына
қаржыны қолжетімді ету мақсатында аймақта «Қызылорда» өңірлік
инвестициялық орталығы» ЖШС-і құрылды.
    Бүгінде аталмыш орталықта жалпы құны 653 млн.теңгені құрайтын 118
жоба қаралуда. Жобалар жүзеге асқан жағдайда ауылдарда жаңадан 300-ден
астам жұмыс орны ашылмақ.
    Қазірдің өзінде жалпы құны 30 млн.833 мың теңге болатын 6 жоба қаржыландырылып, жұмыс жасауда. 23 жаңа жұмыс орны ашылды.
    Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз