«Мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша атқарылып жұмыстар

74

0

Елбасының 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс, дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады» деп атап өтіп, мемлекеттік органдарға нақтыланған міндеттерді жүктеген болатын.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі құқық  бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге  асыру бағытында азаматтардың құқықтық сана-сезіміне  селкеу түсіретін және қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін әкімшілік кодекстің бірқатар баптарын белгіледі.
Аталған құқық бұзушылықтарға ұсақ бұзақылық жасау (оның ішінде ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығару), алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде және ойын-сауық орындарында болуына жол беру, тыныштықты бұзу, жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегу, иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзу, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендерде  инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерді жою баптары енді.
Қала көлемінде «Мүлдем төзбеушілік» қағидатына байланысты 2017 жылдың 5 ай 22 күнінде барлығы 5 мың 659  (6210) әкімшілік  құқық  бұзушылық анықталды.
Анықтама: 5659 құқық бұзушылықтың 4069-на 20 млн 543 мың 473 теңге айыппұл салынып, оның 2 млн 381 мың 196 теңгесі  өндірілген. 809 адам ескертілген.
«Мүлдем төзбеушілік» қағидатына сәйкес анықталған құқық бұзушылық деректеріне талдау жасағанда, ҚР ӘҚБтК-нің 434- бабымен (ұсақ бұзақылық) 615 (656) азаматқа, ӘҚБтК-нің 204- бабымен (белгіленбеген орындарда сауда жасау) 254 (251) азаматқа, ӘҚБтК-нің 440-бабымен (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 2182 (2829) азаматқа, ӘҚБтК-нің 437-бабымен  (тыныштықты бұзу) 555 (519) азаматқа, ӘҚБтК-нің 441-бабымен (жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу ережелерін бұзу) 526 (533) азаматқа, ӘҚБтК-нің 442-бабымен (заңды өкілдері еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы) 778 (635)  ата-анаға, ӘҚБтК-нің 132-бабымен (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) 22 (23) азаматқа, ӘҚБтК-нің 505-бабымен (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзып, сондай-ақ қалалар мен елдi мекендер инфрақұрылымы объектiлерiн бұзып, жасыл екпелерiн жойып және бүлдiргені үшін) 559 (543) азаматқа, ӘҚБтК-нің 408-бабымен (иттер мен мысықтарды асырау ережесін бұзу) 35 (171) азаматқа, әкімшілік шара көрілген.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ағымдағы жылдың 5 ай 22 күнінде құқық бұзушыларға 20 млн 543 мың 473 теңге айыппұл салынып, оның 20,2 пайызы, яғни 2 млн 381 мың 196 теңгесі өндірілді.
Жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, қала көлемінде «Құқықтық тәртіп», «Таза аймақ», «Тазалық апталығы», «Ластаушы», профилактикалық іс-шаралары мен «Мүлдем төзбеушілік» акциясы ұйымдастырылып, өткізілді.
Қазіргі таңда, бейнебақылау желісінің кеңейуі, тұрғындардың қоғамдық орынды ластамауға сана-сезімдерін оятып отыр. Оған дәлел бейнебақылау камераларының айналасында көше ластау деректері азайды. Азаматтар бейнебақылау камерасы өздерінің артынан бақылап тұрғанын аңғарып, темекі қалдықтары мен қоқыстарын арнайы жәшіктерге тастауға дағдалануда.
Қала орталығындағы мектептерде, орта білім беру колледждерінде және жолғары оқу орындарында кездесулер ұйымдастырылып, оқушылар мен студенттерге мүлдем төзбеушілік қағидатының көздейтін  мақсаты жан-жақты түсіндіріліп, насихатталып, қоғамдық орындарда бұзақылықтар мен вандализм көріністеріне жол бермеу бағытында профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда.
Аталған тақырып БАҚ-та кеңінен ақпараттандырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 26.05.2017 жылы республикалық «Kazakhstan today» ақпараттық агенттігінде «Кызылординские полицейские разъясняют школьникам и студентам принцип «нулевой терпимости» к мелким правонарушениям» тақырыбында, 26.05.2017 жылы облыстық «Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінде «Үш айда 9641 құқық бұзушылық анықталды», облыстық «Сыр Медиа» ақпараттық агенттігінде «Үш айда 9641 құқық бұзушылық анықталды», облыстық «Сыр бойы» газетінде «Қызылордада 9641 құқық бұзушылық анықталды» тақырыбында ақпараттар жарияланды.
Аталған материал ҚР ІІМ-ге қарасты Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің веб-порталына орналастырылып, Қызылорда ОІІД атынан ашылған Facebook, VK, mail.ru, google.com әлеуметтік желілеріне жарияланды.
Алдағы уақытта құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында жұмыстар өз жалғасын табуда.
    
Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция майоры Ә.Айтуғанов
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз