Мөлдір Жаңбырбай Қазақстан Универсиадасының чемпионы атанды

52

0

Мөлдір Жаңбырбай Қазақстан Универсиадасының чемпионы атандыТаразда үстіміздегі жылдың 11-12 маусым күндері ҚР VIII жазғы Универсиада аясында каратэ-додан жарыс өтті.

Қазақстанның
11 жоғары оқу орнының үздік каратэшілері жиналған бәсекеде қызылордалық
Мөлдір Жаңбырбай кумитэ бағдарламасы бойынша 50 келі салмақ дәрежесіне
дейін бақ сынасып, Универсиада чемпионы атанды. Бұл туралы облыстық
дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол жарыс барысында екі кездесу өткізіп,
алғашқысында шымкенттік спортшыны 2:0 есебімен ұтса, финалда тараздық
спортшыдан 3:0 есебімен басым түсті.

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім
алатын Мөлдір қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің 1-курс студенті. Енді ол үстіміздегі жылдың қазан айында
Индонезияда каратэ-додан жастар арасында болатын Әлем чемпионатына
дайындалатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз