Мөлдір Жаңбырбай әлем чемпионатына қатысады

54

0

Мөлдір Жаңбырбай әлем чемпионатына қатысадыБатыс Қазақстан облысы, Орал қаласында каратэ-додан (WKF) кадеттер және жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында Қызылорда облысының намысын қорғаған жерлестеріміз жақсы ойын көрсетті. Аталмыш жарыстан жерлестеріміз 8 медальмен оралды.

Дүбірлі додада 18-20 жас аралығында сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанып, қазан айында Индонезияда жастар арасында болатын Әлем чемпионатына жолдама алды. Ал 14-15 жас аралығында Ақмарал Бекназар (+54 келі), Марта Ким (-54 келі), 16-17 жас аралығында Нұрсұлу Жетербай (-59 келі), Мансұр Қали (-68 келі), Әбу Кеуілтай (-76 келі) қола жүлдені еншіледі. Сондай-ақ, 16-17 жас аралығында ерлер және әйелдер арасында командалық кумитэде спортшыларымыз үшінші орынды иеленді. Команданың алға шығуына Сүйіндік және Қуандық Монтай, Әділет Төлеу, Әділет Оралбек, Мансұр Қали, Әбу Кеуілтай, Айдос Мырзалы, Марта Ким, Ақмарал Бекназар, Нұрсұлу Жетербай сынды каратэшілер өз үлестерін қосты.
Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев, Рүстем Қараев, Нұржан Ақпанбет және Талапберген Әбдрамановтар дайындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз