Мүмкіндігі шектеулі 15 жан жұмыспен қамтылды

81

0

Мүмкіндігі шектеулі 15 жан жұмыспен қамтылды Қызылордалық тігінші мүмкіндігі шектеулі 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. 
Бұған дейін үй ішінде азын-аулақ тапсырыс алып келген Орынкүл Оразбаева енді тігін көлемін едәуір ұлғайтты. «Даму» қоры арқылы төмен пайызды несие алған ісмер әйел толыққанды жабдықталған цех ашты. Өзі ізденіп жүріп саңыраулар қоғамынан қолынан іс келетін қыз-келіншектерді іріктеп алған. Қазір ұжым балабақшаларға төсек жабдықтарын әзірлеп жатыр. Жақын күндері арнайы киімдер мен мектеп формаларын тігуге кіріседі. Мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсібін кеңейткен кәсіпкер алдағы уақытта жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отыр.
Орынкүл Оразбаева, цех меңгерушісі: – Тігуді жақсы меңгерген, жұмысқа өте ынталы, бәрі қуанышты. Отбасылары бар, 4-5 балалары бар бәрінің, балаларына киім, тамақ керек дегендей. Өмірден қалмай өмір сүру керек. Мен мүгедекпін деп отыруға болмайды. Жұмыс істеу керек. Осыларға жұмыс тауып беруге менде атсалысып отырамын. Жұмыс іздеймін жан-жақтан, тапсырыстар қабылдаймын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз