Мүмкіндігі шектеулі азаматтар спартакиадасы мәреге жетті

48

0

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар спартакиадасы мәреге жеттіҚызылордада ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мүмкіндігі шектеулі
азаматтар арасында облыстық спартакиада өтті. Жарысқа 10 команда, 200-ге
жуық адам спорттың 6 түрі бойынша сынға түсті.
    Жалпыкомандалық есепте Қызылорда қаласының  командасы – І, Шиелі
ауданы – ІІ, ал Сырдария  ауданы ІІІ орынға  ие  болды. Спорт түрлері
бойынша қол күресінен Самат Шаймағанбетов (Жалағаш), Жасұлан Молдабаев
(Шиелі), Жанболат Әлсейтов (Сырдария), Әбдірахман Байділдаевтар 
(Сырдария) жеңімпаз атанды. Командалық есепте Сырдария ауданының
командасы І орынға ие болып, жүлделі орындарды  Шиелі және Жаңақорған 
ауданының спортшылары өзара бөлісті.
    Эстафеталық жүгіруде Арал ауданының спортшылары 10 ұпаймен 
чемпион  атанды.  Күміс жүлде Жалағаш ауданының, қола жүлде Қазалы
ауданының командасына бұйырды.  Шахмат сайысында Қызылорда қаласы І
орынды иеленсе, Сырдария ауданы – ІІ, Арал ауданы ІІІ орынға ие болды.
    Тоғызқұмалақ нәтижесінде  Сырдария  – І, Қызылорда қаласы – ІІ,
Шиелі ІІІ орындарды еншіледі. Үстел теннисінен   Қызылорда қаласының
командасы үздік шығып, Шиелі және Қармақшы аудандары жүлделі орындарға
ілікті. Пневматикалық мылтық атудан  жалағаштық шеберлер ешкімге дес
бермеді. ІІ орында – қызылордалық, ІІІ орынды сырдариялықтар иеленді.
    Жеңімпаз және жүлдегер командалар грамота, кубок, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз