Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті

91

0

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы өттіКөктемгі «Наурыз» мерекесі қарсаңында Қызылордада «Даму» қорының
Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Даму-Көмек» бағдарламасы
аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қайырымдылық акциясын
ұйымдастырды. Бұл туралы осы филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.

 «Қанат»
спорттық-сауықтыру орталығында өткен іс-шараның мерекелік бағдарламасы 
мүгедек балаларға арнап жасалынды. Сал ауруына шалдыққан
 бүлдіршіндерді қабылдайтын бірегей орталықта бүкіл Қазақстан аумағынан
келген науқастар ем қабылдауда. Қайырымдылық акциясының 
ұйымдастырылуына   ат салысқан жеке кәсіпкер, «Робинзон» балалар
ойын-сауық орталығының директоры Виктория Югай іс-шараның жоғары
деңгейде өтуіне өз үлесін қосты. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті
қолдау мен дамытудың бірегей бағдарламасы аясында қолдау алған жеке
кәсіпкер бүгінгі таңда өзі демеуші ретінде мүгедек жандарға қол ұшын
созып отыр.  Робинзон  орталығы аниматорларының арнайы мүмкіндігі
шектеулі балаларға арнап әзірлеген бағдарламасын тамашалаған
бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Наурыз мерекесіне арналған
бағдарламаны Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің
музыканттары өздерінің керемет концерттік нөмірлерімен жандандырып, 
балаларға шаттық пен керемет көңіл күй сыйлады.

«Даму-Көмек» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау
көрсетуге бағытталған арнайы жоба. Бағдарлама шеңберінде мүгедектігі бар
адамдарға көмек көрсетіліп, түрлі қайырымдылық шаралары
ұйымдастырылады. Бүгінгі қайырымдылық акциясының мақсаты – балаларға
бақыт пеншаттық сыйлап,Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін жоғары деңгейде
атап өтуге ықпал жасау болып отыр.

Акция шеңберінде «Даму» қоры демеушілігімен орталық емделушілеріне
мерекелік дастархан жайылып, басты ас Наурыз көже таратылды.  Сонымен
қатар, Қор тарапынан балаларға сыйлықтар табысталды.

Науқас балалардың ата-аналары «Даму» қорына ұйымдастырылған
қайырымдылық акциясына шексіз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік
тіледі. Оңалту орталығының директоры Сәкен Темірқұлов та көрсетілген
қолдауға өз ризашылығын білдіріп, Қор өкілдеріне алғыс хат табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз