Мүмкіндігі шектеулі болса да кәсіп тапты

35

0

Мүмкіндігі шектеулі болса да кәсіп таптыЖаңақорған. Жаңақорған кентінің 32 жастағы тұрғыны Айдын Ысқақов туа бітті сөйлеу қабілетінен айырылған 3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Айдынды ауданның 70 пайыздан астамы таниды.
«Себебі есту, сөйлеу қабілетінен айрылғанымен техника тілін жетік меңгерген Айдын бүгінде үйінен шағын шеберхана ашып, бір отбасыны асырап отыр. Шеберханада бұзылған, іске жарамайтын тоңазытқыш, теледидар, шаңсорғыш, компьютерлерді жөндеп, қайта құрайды» деп хөабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі. Осыдан бірнеше жыл бұрын Гүлназ есімді бойжеткенмен отау құрған ол, бүгінде 3 баланың әкесі. Гүлназда есту, сөйлеу қабілетінен айырылған 3 топтағы мүмкендігі шектеулі жан. Үнсіз үндесіп, тілсіз тілдескен бұл жандар алдағы уақытта мемлекет тарапынан жұмыс беріліп жатса бас тартпайтындықтарын, керісінше жастық жігермен жұмыс жасайтын боламыз дейді бізбен әңгімесінде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз