Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге көмек көрсетілді

36

0

Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге көмек көрсетілді«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Даму-Көмек» бағдарламасымен 7 мүмкіндігі шектеулі бастауыш кәсіпкерлерге және көпбалалы анаға демеушілік көмек жасады.

Көмек ретінде 2-топ мүгедектері Әбдібек Баймырзаев, Қарлығаш Тойбазарова және Ұлболған Ахметова, Алтынай Турушева және 1-топ мүгедегі Жұбатқан Нұрғазиев, Жолдас Байұзақов, сондай-ақ көпбалалы ана Зейнеш Алжимбаева мұздатқыш камера мен тігін машинасын сыйға алды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы «Қызылорда-Нефтесервис» ЖШС-і және «Транс Азия Констракшн» ЖШС-і көмек сұраған жандарға бірден көмек қолын созды. Қарлығаш Тойбазароваға өзінің үйінің жанынан ашқысы келіп отырған шағын дүкеніне мұздатқыш тоңазытқышты «Транс Азия Констракшн» ЖШС-і сыйға берді.

« Маған тоңазытқышты несие ретінде бөліп төлеуге береді деп ойладым, алайда қайтарымсыз көмекті ұсынғанда сенбедім, ендігі жерде шағын бизнесіме үлкен көмек болатын болды. Бізге демеушілік көмек жасаған жомарт жандарға алғысымыз шексіз»,- дейді Қ.Тойбазарова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз