Мүмкіндігі шектеулі өрен ән кешін өткізді

49

0

Мүмкіндігі шектеулі өрен ән кешін өткіздіШиелі. Бидайкөл ауылындағы мәдениет үйінде үйден оқытылатын мүгедек жан Әділжан Дәулетовтің «Жырлайды жүрек» атты ән кеші болып өтті. 
Жүзден астам көрермен жиналған кештен түскен қаржы өз өнерін халықына ұсынған Әділжан бауырымызға табыс етілді. Сондай ақ, Әділжанға базар басшысы Әбдіғани Шорабаев ағамыз компьютер сыйға тартса, әрқашан да қайырымды істердің жанашыры болып жүрген кәсіпкер аға, әпкелеріміз аз да болса шын ниетпен 105 мың көлемінде қаржылай демеушілік көрсетті. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз