Мүмкіндігі шектеулі әйелдер бизнестің қыр-сырына қанықты

40

0

Мүмкіндігі шектеулі әйелдер бизнестің қыр-сырына қанықты«Даму» қоры ұйымдастырған «Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлік қабілетін дамыту» семинары аясында Қызылорда облысының мүгедек әйелдері оқытудың бірінші кезеңін аяқтады, – деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен. 
Семинарды Алматы қаласындағы «Шырақ» қоғамдық бірлестігінің бизнес-тренері Захира Бегалиева жүргізді. Жобаға қатысушылар екі күн бойы кәсіпкерліктің негіздерін, өздігінен бизнес-жоспарды жасауды үйренді.  
Ұйымдастырушылардың сөзінше, тек алғашқы кезең қорытындыланды. 20 қазанға дейін еліміздің барлық аймағында жаңа білім мен мүмкіндіктерге ұмтылған мүмкіндігі шектеулі 180 әйел курстан өтеді. Іріктелген 90-ы екінші кезеңде кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, тігіншілік, бизнес-жоспар жасаудың негіздері, call-орталықтың операторлық қызметі сияқты бөлімдер бойынша қайта даярланады. 
– Біз көп жағдайда көмекке мұқтаж болып, қажетті білімді кімнен және қайдан алуға болатынын біле бермейміз. Осы семинарда біраз сұраққа жауап алып қана қоймай, бизнес жүргізудің қыр-сырына қанықтық. Алдағы уақытта тігіншілікпен айналысқым келеді, – дейді Қазалы ауданынан келген Айнұр Жәлиева. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз