Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған \»Аула клубы\» ашылды

44

0

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "Аула клубы" ашылдыҚазалыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Аула клубы» ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Мақашов, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Досхан Қырымов, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Ерболат Тұрымов, ІІІ-топтағы мүгедек жан Әбілқасым Алғашбаев аталмыш аула клубының салтанатты ашылуына қатысып, клубтың бөлмелерін аралап, жұмыстарымен танысты.
«Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі жандарға
көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы
тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс. Бұл
өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деп көрсеткен.
Олай
болса, Елбасымыздың осындай игі істерінің аясында біздің ауданымызда
мүмкіндігі шектеулі жандарға үлкен қамқорлықтар, жағдайлар жасалуда.
Бүгінгі күні де осындай игі істердің куәсі болғалы отырмыз», – деді Сұлтан Мақашев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз