
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2014 жылдың 3 айында мүгедектерге: протездік-ортопедиялық көмек– 37 адамға, тифлотехникалық құралдар– 19 адамға, сурдотехникалық құралдар– 6 адамға, кресло-арбалар – 8 адамға; міндетті гигиеналық құралдар – 241 мүгедек азаматтарға таратылды. Үйде тәрбиеленіп оқуға 58 мүгедек бала қамтылған. Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 21 қарт және 2 мүгедек азамат жіберілді.