Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек берілді

54

0

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек берілдіҚазалы ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған түрлі құрал-жабдықтарды алуға көңіл бөлініп келеді. Жақында осындай дүниелерге бірқатар мүгедек азаматтар қол жеткізді.   
Үстіміздегі жылдың төрт айында 23 мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты жұмысқа орналасса,  28-і қоғамдық жұмысқа жіберілді. Сондай-ақ, 2 мүмкіндігі шектеулі жас маман жастар тәжірибесіне, 4 адам әлеуметтік жұмысқа, 1-і кәсіби оқуға жолданды. Аудан орталығы – Әйтеке би кентінде облыстық бюджеттен бөлінген 1200,0 мың теңгеге 7 жерге жол белгілері мен көрсеткіштер, 1 жерге дыбыстық құрылғылар орнатылуда. Мүгедектердің «Әлеуметтік төлем» қызметін пайдалануына жұмыстар жүргізілуде. Өткен төрт айда мүмкіндігі шектеулі жандарға 748631 теңгенің  әртүрлі протезді-ортопедиялық, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалықжәне гигиеналық құралдар алынып берілді.
Жақында 20 мүмкіндігі шектеулі жандарға 2439,0 мың теңгенің осындай құрал-жабдықтары тапсырылды. Оның ішінде 6 дана видеокомпьютер әрқайсысы 283,5 мың теңгеден 84,9 мың теңгенің,  6 бөлмелік кресло-арбасы және әрқайсысы 80,0 мың теңгенің,  2 дана балалар кресло-арбасы, тағы басқалары бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз