Құмнан 9 күнде соғылған қамал Гиннестің рекордтар кітабына енді

45

0

Құмнан 9 күнде соғылған қамал Гиннестің рекордтар кітабына ендіҮндістанда әлемдегі ең биік құм қамал соғылды. Оның көлемі бес қабатты үймен шамалас – 15 метр, деп хабарлайды «Россия 24».
Құмнан соғылған қамалдың құрылысы 9 күнге созылған. Негізгі тақырыбы – бейбітшілік. Сондықтан да, ғимараттың басты символы ретінде көгершін алынған, сонымен қатар онда Махатма Гандидің, Нельсон Манделаның және Будданың портреттері бейнеленген. Мүсіннің авторы – Үндістанның белгілі суретшісі, жергілікті университеттің оқытушысы Сударсан Паттнайк. Оның идеясын іске асыру үшін оған 45 студент жәрдемдескен. Құмнан соғылған қамал Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұған дейінгі рекорд АҚШ-та орнатылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай құм қамалдар жыл сайын соғылып, жыл сайын рекорд жаңарып келеді. Атап айтқанда, 2015 жылы Майами жағажайында Turkish Airlines әуе компаниясының тапсырысымен соғылған қамалдың биіктігі 13,7 метр болса, оның алдындағы рекорд 2014 жылы Бразилияда соғылған биіктігі 12,5 метр қамалға тиесілі болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз