
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2008 жылдан Ресейдің құм өңдейтін «Грохот» қондырғысын сатып алып, жұмыс істеу нәтижесінде құрылыс құмы мен құмды гравийдің 4 фракциясы шығарылып, тауарға деген сұраныс артты. Серіктестіктің өніміне «Қазатомпром» АҚ ҰК, Ресейдің «Геоинженерстрой» мекемесі тапсырыс беріп, алдырады. Сондай-ақ қазіргі кезде кеніштің өнімі «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» автожолы құрылысына да кеңінен пайдаланылуда.