Мұнайшылар жаңақорғандық бүлдіршіндерді қуантты

35

0

Мұнайшылар жаңақорғандық бүлдіршіндерді қуантты«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясы
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қоса отырып, қасиетті Сыр
жерінде өткізілетін қайырымдылық шараларының қай-қайсысына да атсалысып,демеушілік көрсетуден қалыс қалмай келеді.

Атап
айтар болсақ, компания 18 жылдан бері Қазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек
балаларды оңалту орталығын және 16 жылдан бері Жаңақорған ауданындағы «Балғын»
балабақшасын толық қамқорлығына алып, олардың қандай да бір мұқтаждықтарын дер
кезінде шешіп беруден аянып қалған емес. Бұл орайда
көңілге қуаныш ұялататыны – күнкөрісі
төмен жерлестерімізге көмек тек «ПетроҚазақстан» компаниясының тұтастай
әлеуетімен ғана беріліп қоймай, компанияның қызметкерлері де өз жеке қаражаттарымен
көмек қолын созады. Жақында олар Жаңақорған ауданындағы «Балғын» балалар
бақшасында болып, қайырымдылық акциясын өткізді. Мұндағы балалар мұнайшы ағаларының қолдарынан
құммен сурет салуға арналған екі үлкен жарықтандырылатын стол-планшет, қағазға
сурет алуға арналған екі мольберт жиынтығын, бала интеллектісін дамытуға
арналған ойыншықтар, сонымен қатар жұмсақ ойыншықтар алды.

Балабақшамыздың
қамқоршыларына алғыс сезімімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, – дейді
«Балғынның» әдіскері Гүлмира Сейілова. «ПҚҚР» АҚ сияқты ірі мұнай компаниясындайқамқоршысы бар балаларымыздың несібесі бар. Оның нәтижесін балғындар
мен олардың ата-аналарының шуақты күлкі мен ризашылыққа толы қуаныштыжүздерінен көруге болады. Жүректері мейірім-шапағатқа толы Сіздерге,
ағалар, осы жомарттықтарыңыз үшін рахмет!

Жаңақорған
ауданында мектепке дейінгі балаларға арналған бес мемлекттік және отыздан астам
жеке тәрбие мекемелері бар. «ПҚҚР» АҚ
жетім балаларға, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған бұл балабақшаға
үзбей қамқорлық жасауы облыстың осы ауданында халықтың аз қамтылған бөлігінің үлес
салмағы басқа аудандарға қарағанда жоғары екендігін растайды.

– «Мұқтаж
жандарға атаулы көмек көрсету» қайырымдылық акциясын өткізу жөнінде бастама
көтерген – еңбек ресурстары және әкімшілік департаментінің басшысы Суфия
Даминова, – дейді компания менеджері Хусайн Сәрсембаев. – Бұл
идеяны іле еңбек ресурстары және әкімшілік департаменті, келісім-шарттар
бөлімі, жұртшылықпен байланыс бөлімдерініңқызметкерлері және компанияның жекелеген бірсыпыра жұмыскерлері: Әділбек
Беклиев, Серік Жылқаманов, Берік Оспанов, Жомартбек Телеубаев, Ерлан Тәжғалиев
және басқалары бірауыздан қолдап әкетті. Олардың әрқайсысы осы бір ізгілікті
іске шама-шарқынша атсалысты.

 

Дастан ДЕМЕСБАЙ.

Суретті түсірген Андрей ТАЙГУНОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз