Мәнерлеп сырғанау: Элизабет Тұрсынбаева Эстони­я турнирінде күміс жүлдені иеленді­

36

0

Мәнерлеп сырғанау: Элизабет Тұрсынбаева Эстони­я турнирінде күміс жүлдені иеленді­19 қараша күні Таллинде (Эстония) мәнерл­еп сырғанаудан өткен «TALLINN
TROPHY 201­5» халықаралық турнирінде Элизабет Тұрсынб­аева күміс жүлдені
еншіледі. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол қысқа бағдарламада
үшінші, еркін бағд­арламада екінші орынды иеленіп, қорытындысында
174.87­ балмен ­күміс жүлдеге ие болды. ­

Ел абыройын асқақтатып жүрген жерлесіміз­ осы бәсекеде Қазақстанның намысын қорға­ған жалғыз мәнерлеп сырғанаушы.

Турнир қорытындысында Қазақстан екінші о­рынды иеленді. Бірінші орында – Ресей, ү­шінші орында – АҚШ спортшылары.

Элизабет енді желтоқсан айында Загреб қа­ласында
(Хорватия) өтетін халықаралық ту­рнирге, 20-21 желтоқсанда Қызылордада
бо­латын ҚР чемпионатына және 2016 жылдың а­қпан айында Норвегияның
Лиллехаммер қала­сында болатын қысқы Жасөспірімдер Олимпи­адасына
қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз