Мобильдік топтың кездесуі өтті

52

0

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен мобильдік топ «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының заңгер-кеңесшісі С.Алшыбеков қатысып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыптарында баяндамалар оқылып, қатысушылардан туындаған өзекті сұрақтарға жауаптар берілді және бейнеролик көрсетілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз