Мол суды қауіпсіз өткізу жәйі талқыланды

45

0

 Қызылорда. Қала әкімдігінде қыс-көктем мезгілдерінде Сырдария өзенімен келетін мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыстары жөнінде мәжіліс өткізілді. Оған тиісті сала мамандары қатысты. Мәжілісті қала әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Тлеумбетов жүргізді.
 Сырдария өзені бойымен өтетін су көлемін үнемі бақылауда ұстап, су тасқынының алдын алу шараларын ұйымдастыру үнемі облыс әкімінің назарында. Айта кету керек, Қызылорда қаласы аумағынан өтетін Сырдария өзенінің бойында 88,5 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттері орналасқан. Аталмыш қорғаныс бөгеттерді қатаң бақылауда ұстап, қауіпті жағдайлар туындаған жағдайда тез шара қолдану мақсатында қала әкімінің бекітуімен тиісті мекемелерге міндеттер жүктеліп, тапсырмалар берілген болатын. Мәжіліс барысында «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің бастығы Ж. Нұрымбетов су тасқынының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру барысы туралы хабарлама жасап, қажетті ұйымдастыру шараларының қабылданғандығын жеткізді. Мәжіліс қорытындысымен кент және ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына өз аймақтарында қорғаныс бөгеттеріне су тасқынының алдын алуға қажетті материалдардың дайындығын және өзге де алдын алу шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру міндеттелді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз