МОЛШЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІНЕ СЫРДАРИЯЛЫҚТАРДЫҢ ТАРТУЫ

120

0

Қала тұрғындарына тарту ретінде Сырдария ауданының ауылшаруашылық құрылымдары облыс орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жәрмеңкені облыс әкімі Қ.Көшербаев, қала әкімі Н.Нәлібаев бастаған атқарушы билік өкілдері аралап, сырдариялықтардың еселі еңбегіне ерекше ризашылығын білдірді.
Аймақ басшысына жәрмеңкенің өту барысын аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров түсіндіріп, жоспарлы жұмыстардың ұтымды жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Егін жинау науқаны қорытындыланып, халық берекелі шақпен қауышқан кезеңде өткен жәрмеңке таңғы сағат 08.30 шамасында басталды. Жәрмеңкеде сатылған өнімдер күнделікті базар бағасынан едәуір деңгейде арзан саудаланды.
Жәрмеңкеде байқағанымыздай, күріш 160 теңгеден, ақ ұсақ 30 теңгеден, күріш жемі 20 теңгеден, бидай қалдығы 45 теңгеден, бидай жемі 25 теңгеден, картоп 100 теңгеден, жуа 75 теңгеден, сәбіз 100 теңгеден сатылды. Ал, қырыққабаттың бағасы 60 теңге болса, қызанақ пен қиярдың келісі 300 теңгені, қызылша, болгар бұрышы мен кәдінің келісі 100 теңгені құрады. Сәйкесінше, қауын, қарбыз және асқабақтың әрбір келісі 50-80 теңге аралығында босатылды. Сонымен қатар, сүттің литрі 150 теңге болса, 1 кесе сүзбе 600 теңгеден, қолдың сары майы, құрт пен ірімшік 1300 теңгеден сатылды. Жәрмеңке сөресінен орын алған балықтың бағасы да қалтаға ауырлық етпейді. Мәселен, сазанның келісі 300-700 теңге аралығында болса, қалған балықтар 250-500 теңге аралығында сатылды. Сұранысқа ие сиыр еті мен қой етінің келісі 1250 теңгені, жылқы еті 1500 теңгені құрады. Тоқты мен қой 15 000 мың теңгеден сатылды.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз