«Өмір менің көзіммен»

89

0

«Өмір менің көзіммен»«Нұр Отан» партиясы «Темір жол» филиалының ұйымдастыруымен партияның «Бақытты отбасы–бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ ұжымда «Өмір менің көзіммен» атты шығармашылық фестиваль өтті.
Шараның мақсаты: бөлімшеде жұмыс жасайтын теміржолшылардың мүмкіндігі шектеулі балалары мен көп балалы отбасынан шыққан балаларды кездестіріп әлеуметтік ортаға белсене араласуына қолдау көрсету.
«Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ төрағасы Ибраким Басықараев фестивальды ашып, мекеме есебінде тұрған 7 жеткіншектің бәрі бірдей Ұлттық компания тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемнен тыс қалмай, жыл сайын көмек алып отырғанын, ал бүгінгі фестивальге келген жеткіншектерге берілер сый-сияпат кәсіподақ демеушілігімен әзірленгенін айтып, шын жүректен шыққан жылы демеулік сөздерін мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасынан шыққан балаларға арнады.
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева фестивальдың мақсатын мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тыс қалмауын қадағалап, кедергісіз қоғам құруда мүмкіндігі шектеулі балаларды көп балалы отбасынан шыққан балаларымен кездестіріп, әлеуметтік ортаға белсене араласуына өз қолдарымен дайындаған шығармашылық туындыларын, жеке шығармашылықтарымен тамашалау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру, балалардың және күтімінде отырған ата-аналардың талап тілектерін тыңдап, құзырлы органдарға жетуіне үлес қосу деп жеткізді.
Көп балалы отбасынан шыққан балалардың бірі Нұртөре таэквондо спорттық өнерден үзінді көрсетсе, Бексұлтан өзінің жеке шығармашылықтарынан өлеңдерін оқыды. Дамир жанды дауыста өлең орындаса, Гаухар ЭКСПО -2017 ұсынған тоқыма колөнерімен тәнті етті.
Шара соңында фестивальге қатысқан балалар Алғыс хатпен марапаталып, сыйлықтар алды.
Ата-аналар атынан сөз алған Гүлнар Есенғарева «Мекеме басшылықтарының партиялық жоба аясында балаларға көңіл бөліп, қолдап жатқандығы біздерге де қуат бергендей болды» деп өз ризашылығын білдірді.
Балалар алған сый-сияпаттарына қуанышты екендерін жасыра алмай, шығармашылықпен айналысу қатты ұнайтындарын, өмірге деген көзімен жасаған қолөнер бұйымдарын барлық ынтасымен жасағандарын айтып тарқасты. «Өмір менің көзіммен»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз