Мұрат Әбенов: «Сыр өңіріндегі дуальдық оқыту бойынша игі істі өзге өңірлерге тарату қажет»

29

0

Мұрат Әбенов: «Сыр өңіріндегі дуальдық оқыту бойынша игі істі өзге өңірлерге тарату қажет»«Атамекен» ҰКП
Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов өңірлердегі алғашқы жұмыс сапарын
Қызылорда облысынан бастады.

Қызылорда қаласындағы
индустриалды-техникалық колледждің жұмысымен танысқан ол колледжде жүргізіліп
жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Атап айтқанда, бүгінде Кәсіпкерлер
палатасымен колледжді корпоративті басқару жобасы тиімді жүзеге асырылуда. Жобаның артықшылығы: біріншіден, мамандарды
әзірлеуге бизнес-қоғамдастықты кеңінен тарту, екіншіден, кәсіби-техникалық сала
мамандарын дайындауға арналған мемлекеттік тапсырыстарды осы колледждерге
бағыттау, үшіншіден техникалық және кәсіптік бағдар беретін оқу орындарында
дуальдық білім беру жүйесінің принциптерін енгізуде.

Кәсіпкерлер
палатасы облыстық білім басқармасымен бірге жобаны пилоттық режимде жүзеге
асырған болатын. Ол үшін Қызылорда индустриалды-техникалық колледжі, негізгі
бағыты ретінде сервис пен қызмет көрсету саласы таңдалып алынды. Қызылорда
индустриалды-техникалық колледжін корпоративтік басқару үшін «Best Servise
LTD», «РАИМ», «K-group» ЖШС-тері құрылтайшылары болып табылатын арнайы Сервис
пен қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер Қауымдастығы құрылған.

Аталмыш
колледжді қамқоршылығына алған Қауымдастық, атап айтқанда Қауымдастық құрылтайшысының бірі, Өңірлік
кеңес төрағасы Асқар Махамбетов оқу орнының материалдық-техникалық базасын
нығайту үшін өз қаржысына жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеткізген. Нәтижесінде
облыстық бюджеттен 130 млн.теңге қаржы бөлініп, қазір колледжге күрделі жөндеу
жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мұнан
кейін Мұрат Әбенов өңірдегі бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесіп,
кәсіпкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдады, сондай-ақ жас кәсіпкерлердің
проблемаларын тыңдады.

Сапар
барысы жайлы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары: «Дуальдық оқыту жүйесі бойынша өңірде оң тәжірибелер
бар екен. Жергілікті кәсіпкерлер колледждерді бірлесіп басқару арқылы бизнеске
қажетті маман даярлауды қолдарына алыпты. Бұл ретте жергілікті билік те
кәсіпкерлермен әріптестік негізде жұмыс жасап, колледждердің
материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында қажетті қаржыларды бөліп жатыр
.Бұл тәжірибені өзге өңірлерге де енгізу
қажет деп санаймын»,
– деді.

Қызылорда
облысының

кәсіпкерлер
палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз