Мұрат Әбенов уытты тақырыптарды «Ұлттық арнадан» көтермек

48

0

Мұрат Әбенов уытты тақырыптарды «Ұлттық арнадан» көтермек«Қазақстан» Ұлттық арнасында 11 қыркүйектен бастап, қоғамдық-саяси
«Алаң» ток-шоуы жаңа форматта шыға бастайды және ескі атын жаңа
«Серпіліс» деген атауға ауыстырады. Мұнда мемлекеттік және қоғам
қайраткерлері аптаның маңызды оқиғаларды, өзекті мәселелерді, қызықты
тақырыптарды қоғамның жаңа талаптарына сай етіп, талқыға салады, деп
хабарлады «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен.
    «Біз жобаларымызды нысанаға дәл тиетіндей етіп жасауға тырыстық.
Тақырыптар, оқиғалар, сюжеттер көрермендерге ой салатындай,
мазалайтындай, көрерменнің көкейіне қонып, жүрегіне терең бойлайтындай
етіп жасалды», – деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші
орынбасары Ләззат Жүнісова.
    Сонымен қатар, тамыз айының соңынан бастап телеарнаның рейтингті
жобалары эфирге шыға бастайды. Олар: «Сенбілік кездесу», «Әйел бақыты»,
«Түнгі студия», «Қазақстан дауысы» мега-жобасы, «Намыс дода»
спорттық-ойын-сауық шоуы.
    «Қазақстан» телеарнасындағы жаңа телемаусым 24 тамызда басталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз