Мәскеуде Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті

48

0

Мәскеуде Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өттіӘнші Батырхан Шүкеновты еске алу концерті мамырдың 25 күні Мәскеу
қаласында өтті. Концертте еліміздің А-студио тобы мен Роза Рымбаева және
Ресейдің танымал жұлдыздары В.Меладзе, Л.Агутин, А.Чумаков, С.Пьеха,
Е.Польна, «Моральный кодекс» тобы, Алексей Глызин, Игорь Саруханов,
Александр Маршал сынды жұлдыздар қатысты. Концертте «А\’Studio» тобының
белгілі әндері айтылды. Сонымен қатар тыңдармандар Батырдың қазақ-орыс
тіліндегі әндерін тыңдауға мүмкіндік алды.
    Концерт Мәскеудегі «Crocus city Holl” концерт залында өтіп,
концерттен жиналған қаржы Батырхан Шүкеновтың ұлы Мақсұт Батырханұлына
жіберілетіні хабарланған болатын. Айта кету керек, Шүкеновты еске алу
концерті былтыр Алматы қаласында жоғарғы деңгейде өткен болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз