Мәскеулік тұрғын Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

50

0

Мәскеулік тұрғын Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты Мәскеу тұрғыны Анашка Хаджымұрадова қайтыс болған атасының заттарының арасынан XVI ғасырдағы Құран кітабын тауып алады. Қасиетті кітап Сирияда басылған екен. Кітаптың құны тым жоғары болуы мүмкін деген сыбыстан кейін ол Құранды аукцион арқылы сатылымға шығармақшы болады.
«Біз екі сараптама жасатып, Құранның XVI ғасырға тиесілі екенін анықтадық. Лондонда маған бұл кітап үшін 12 миллион ұсынды, одан кейін бағаны тіпті 45 миллионға да көтерді”, – дейді Анашка. Алайда әйел құнды кітапты сатып, баю туралы ойынан тез айниды. Ол Құранды мешітке тегін беру керек деп шешім қабылдапты.
«Бақытты ақшаға сатып ала алмайсың. Біз кітапты сату емес, сыйлау керек деп шештік. Мен мешітке кез-келген уақытта барып, кітапқа қарап, туыстарыма да, балаларыма да көрсете аламын. Өйткені, ол мешітте ұзақ жылдар бойы сақталады. Құран өте ескі, қолмен жазылған. Оның бұзылмай жақсы сақталғанына, өте жеңіл оқылатынына бәрі таңғалды”, – дейді әйел.
Бала кезінде оған атасы кітап туралы айтқан екен. Атасы сол кездің өзінде-ақ немересіне егер ол араб тілін оқыса қасиетті кітапты беруді жоспарлаған екен. Бір жыл өткен соң, атасының қалағанындай Анашка араб тілін меңгеріп шығады.
http://stan.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз