МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

65

0

Апта басында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «2017 жылғы 29 қазандағы облыс аумағындағы мәслихаттардан шығып қалған депутаттардың орнына өткізілген сайлаудың қорытындысы жайлы» облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов хабарлама жасады.
Комиссия төрағасының айтуынша, сайлау облыстың Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандарында өткізілді. Оған 1 облыстық, 3 аудандық аумақтық және 4 аудандық округтік, 7 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты. Сайлауға дауыс беруге сайлаушылар тізіміне енгізілген 12 886 сайлаушының 8114 немесе 66,04 пайызы қатысты.
 Облыс аумағындағы мәслихаттардан шығып қалған депутаттардың орнына  төрт сайлау округі бойынша 12 кандидат дауысқа түсті. Сайлау қорытындысымен, №4 «Сырдария» сайлау округінен Боханов Дастан Әбдібекұлы, №6 «Теміржол» сайлау округінен Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы, №5 «Ә.Тәжібаев» сайлау округінен Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы, №10 «Көкшоқы» сайлау округінен Сыздық Болат Мүбәракұлы депутат болып сайланды.
Мәслихат депутаттарын сайлауда облыс бойынша 45 байқаушы қатысқан болса, оның ішінде саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден – 18,  бұқаралық ақпарат құралдарынан – 6 және кандидаттардың сенім білдірген өкілдері 21байқаушы қатысқан.
Ғ.ҚОЗЫБЕКҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз