Үміт сыйлайтын мереке

72

0

Үміт сыйлайтын мерекеСенбі күні облыстық «Wiedergeburt» неміс этномәдени бірлестігі «Frohe Ostern» этнос күні мерекесін атап өтті. Ол неміс этносының Пасха мерекесі күніне орайластырылып өткізілді, деп хабарлайды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, барлық этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекеге орай жиылғандарды облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтады. Сонымен бірге, неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Ирина Шек пен өзге де жетекшілер лебіздерін білдірді. Үміт сыйлайтын мереке
Мерекеге келгендердің құрметіне неміс пасхасын тойлаудың салты мен дәстүрі көрсетіліп, ән мен биге ұласты. Жалпы Германия елінде байырғы кезден Ostern мерекесі көктем нұрын шашқанда тойланатын болған. Оған себеп, көктем әйел жебеушісі – Osterа болған. Негізінде бұл мереке әр жыл сайын көктемнің аяғы мен сәуірдің басында жексенбі күні көктемгі күн мен түннің теңелуі мен алғашқы айдың толған кезінде аталып өтіледі.
Пасха – бұл көктем мезгілі басталуын білдіретін дәстүрлі мереке. Неміс Пасхасының ерекше белгісі өмір мен жаңа бастаудың символын білдіретін боялған жұмыртқалар, мол өнімді білдіретін пасха қояны, әртүрлі пісірілген нан және тәттілер.  
Мереке барысында әртүрлі ойындар, пасхалық жұмыртқалар таратылып, флешмоб ұйымдастырылды. Үміт сыйлайтын мереке
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз