Мәуліт мерекесі аталып өтті

34

0

Мәуліт мерекесі аталып өттіАрал. З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің туылған күніне арналған Мәуліт мерекесі кең көлемде аталып өтті. 
Ұлық мереке Жаратушы Алла тағаланы мадақтауға бағытталған Құран Кәрім аяттарынан бастау алды. Салтанатты шараға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Әділхан Алданов Мәуліт мерекесін атап өтудің пайдасына тоқталды.
Жиылған көпшілік ел арасында кеңінен тараған ұлағатты әңгімелерден сусындады. Кешке арнайы шақырылған аудандық оқушылар үйі шәкірттері Пайғамбарымыздың хадистерін айтып, №65 мектеп оқушыларының көріністері кешке көрік берді. Қызылорда қаласынан келген облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Нұрлан Әбжанов «Айтбай» мешітінің наиб имам Базарбай Ырысбаев және аудандық орталық мешіттің ұстазы Әбсаттар қари Мәуліт дұғасын оқып, Пайғамбарға салауат айтты. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз