Ұмыт болған ұлттық ойындар ұлықталды

54

0

Ұмыт болған ұлттық ойындар ұлықталдыЖалағаш.  Ауданда Ұлыстың ұлы күні қарсаңында балалық шақтың ұмыт болған ойындары қайта жаңғыртылуда.
Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында өткізіліп жатқан Наурыз мерекесінде аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту мақсатында ұмыт болған ойындар ойнатылды. 
Атап айтқанда, балалық шақтағы Асық ату, Әйгүл таяқ, Жәмби, Ләңгі, Алақай, Тоғызқұмалақ, Бес тас, ортаға түспек ойындары аудандық дене шынықтыру және спорт бөілімінің спорт нұсқаушылары тарапынан бұл ойындар барлық ауылдың жастарына үйретілді. 
Шараға ауданның белсенді жастары, жұмыссыз жастары, түрлі саланың жас мамандары мен облыстық жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Негізгі мақсат – ұлттық ойындарымызды қайта жаңғыртып, жастарды компьютерлік ойындардан алыстатып, қыймыл қозғалыс ойындарына тарту, достық қарым-қатынас, тығыз байланыс орнату. Кеш соңында алау жағылып, жастар ақсүйек, «Кел сақина кел» ойындарын ойнап, өз өнерлерін ортаға салды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз