Мәжіліс депутаттары Елбасы Жолдауын насихаттады

36

0

Мәжіліс депутаттары Елбасы Жолдауын насихаттадыЕлбасының халыққа арнаған маңызды құжатын түсіндіру бағытында кеше Арал ауданына бір топ Мәжіліс депутаттары келді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен өткен кездесуге ауданның активі, сала қызметкерлері, БАҚ өкілдері және тұрғындар қатысты. Халық қалаулылары аталған саяси құжаттардың елімізді дамыту жолындағы кезекті үлкен баспалдағы екенін атап өтіп, оны жүзеге асырып, елге пайдасын тигізу баршаға міндет екенін жеткізді. Соның ішінде алғашқы сөзді Парламент депутаты М.Айсина тізгіндеп, Елбасы Үндеуінің бағыты мен Жолдаудың алғашқы басымдығын кеңінен тарқатып айтты. Сонымен қатар, қоғамдық кеңес мүшелерінің маңыздылығына тоқталып, белсенді жұмыс жасауға шақырды.
Кездесу барысында аудан ардагерлері мен тұрғындары тарапынан орынды сұрақтар жолданып, тиісінше жауаптар алынды. Осы ретте, депутаттар маңызды деген ұсыныстарды тиісті орындарға жеткізіп, талқылайтындықтарын жеткізді. Айта кетейік, депутаттар басқосуда ауданның бірқатар азаматтарын арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз