Мәжіліс депутаты диқандармен кездесті

43

0

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі С.Абдрахманов іссапармен Жалағаш ауданында болды. 
Ақсу ауылдық округіндегі «Сәрке батыр» шаруа қожалығының егіс алқабындағы егіншілермен кездесіп, пікір алмасудан басталған келелі кездесу, аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан активімен кездесуге ұласты. Жиын барысында С.Абдрахманұлы Ұлт Көшбасшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын негізгі міндеттерге тоқталды. Кездесуге Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры У.Ибраев, аудандық мәслихат депутаттары, кент, ауыл әкімдері, бөлім басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кездесуді аудан әкімі Т.Дүйсебаев жүргізіп, Мәңгілік еліміздің мақсат-мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін, рухани жаңғыруымыздың негізгі бағыттарын айқындап берген ұлт жадының тұғырнамасы – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттер аясында ауданда жүргізіліп жатырған ауқымды жұмыстарға, іс-шараларға кеңінен тоқталды. Кездесу барысында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Х.Каметов, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаев сөз алып, қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз