Мәжіліс депутаты У. Бишімбаев университет ғалымдарымен кездесті

38

0

Мәжіліс депутаты У. Бишімбаев университет ғалымдарымен кездестіҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Уәлихан Бишімбаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдарымен кездесті, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметінен.
Аталған университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов жиында ашып, сөз бастады.
Депутат Уәлихан Қозыкеұлы өз сөзінде «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған білім беру, кәсіби біліктілік, кадрлар даярлау және ғылымды дамытудың жаңа міндеттері туралы баяндады.
«Бүгінде білікті ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдауға қатысты жұмыстар жасалып жатыр», – деді ол.
Халық қалаулысымен бірге бас қосқан жиында университеттің профессоры Қазыбай Құдайбергенов, биология ғылымдарының докторы, профессор Салтанат Ибадуллаева, техника ғылымдарының докторы Ләззат Аруова және т.б. ғалымдар сұрақтарын қойып, еркін пікір алысты. 
 
ҚазАқпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз