Мәжіліс депутаты У. Бишімбаев Жаңақорғанда болды

47

0

Мәжіліс депутаты У. Бишімбаев Жаңақорғанда болдыКеше Жаңақорған ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Уәлихан Бишімбаев келіп, бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бірінші кезекте «Шалқия» кенішінің бүгінгі жай-күйімен таныспақ мақсатта кеніштің бас кеңсесіне ат басын тіреді. Мұнда кеніштің бас инженері Б.Ахмамбетов Мәжіліс депутатына кеніштің келешегі кемел екендігі жөнінде хабарлама жасады. Яғни, бүгінгі таңда «Шалқия-Цинк ЛТД» серіктестігінің 100 пайыздық үлесін «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы сатып алғандығын және финляндиялық инвестормен бірге жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары басталғандығы белгілі болды. Құрылысы 3 жылға созылатын кен байыту комбинаты бой көтеретіндігін жеткізген бас инженер кеніште келешекте атқаратын жұмыстарын сызбадан көрсетті.
Одан әрі Мәжіліс депутаты У.Бишімбаев кент орталығындағы бірлескен жоба аясында жұмысын жүргізіп отырған «Шипажай» емдеу сауықтыру орталығында болды. Ем қабылдаушылардың жатақ жайынан бастап, қара батпақ пен тұзды сумен емдейтін бөлмелерін аралап көрді. Демалушылардың бір тобымен кездескен халық қалаулысы Елбасы Жолдауында айтылған отандастарымыздың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін ұлғайту керектігін әңгімеге арқау етті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз