Нағи Ілиясов ауылында стадион салынуда

43

0

Нағи Ілиясов ауылында стадион салынудаСырдария ауданына қарасты Н.Ілиясов атындағы ауылда құны 279 миллион теңге болатын стадионның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды «Сыр бойы» газетінің интернет сайты тілшісі.
Мамыр айынының басында басталған құрылысқа облыстық бюджеттен 180,0 миллион теңге қаржы бөлінген. Ал қалғанын облыстық мәслихаттың депутаты, ҚР Еңбек Ері Абзал Ералиев өз қаражаты есебінен қаржыландыруды міндетіне алып отыр. Яғни, тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болса, мердігерлікті «АбзалПроектКонсалтинг» ЖШС атқаруда.
Жоба бойынша, 1134,70 шаршы метрлік спорт кешені және стадион, жүгіру алаңы, трибуна салынады. Дәлірек айтсақ, стадионда көлемі 5400 шаршы метрлік футбол алаңы, 5 жолақты жүгіру жолы болады және биіктігі 40 мм жасанды шөп төселеді.
Мердігер мекеме құрылысты 8 айдың ішінде салып бітірмек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз