Нан бағасы қымбаттады ма?

60

0

Нан бағасы қымбаттады ма?Сыр елінде нан бағасы қымбаттады.
Қызылордадағы наубайханалар мен дүкендерде бір бөлкенің бағасы 40-тан 45 теңгеге көтерілген. Сатушылар нанның қымбаттауына ұн тапшылығы себеп болғандығын айтуда. Алайда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы әлеуметтік дүкендерде нан бағасы өзгермегенін айтады. Сондай-ақ өңірге азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жеткізілетін жеңілдетілген бағадағы ұн наубайханаларға еш кедергісіз таратылып жатыр екен. Қала тұрғындары: «Кешелі бері 5-10 теңгеге қымбаттаған әлеуметтік маңыздағы бөлке нанды сатып алу қалтаға салмақ сала бастады», – дейді.
 
Айгүл Досекеева, Қызылорда қаласының тұрғыны:
– Дүкендегілер ұнның жоқтығын айтып, бағаны қымбаттатып жатыр. Олардың рас немесе өтірік айтатынын білмедім.
 
Баян Ерманова, сатушы:
– Бүгін таңертең нан 40 теңгеден келді. Сол себептен біз де бағаны көтердік. Дүкендерде 45 теңгеден. Себебі түсініксіз.
 
Дәуірбек Әбуов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
– Әлеуметтік маңыздағы дүкендер бар. Мысалы, «Дәмді» дүкенінде 35 теңгеден сатылуда. Ұн қорымыз 6,5 мың тоннаны құрайды. Ол осы жылға толық жетеді.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз