Нанкин-2014. Бауыржан Жауынтаевтың ерлігін қайталайтын спортшы табылмай тұр

52

0

Нанкин-2014. Бауыржан Жауынтаевтың ерлігін қайталайтын спортшы табылмай тұрҚытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасының үшінші күнінде (19 тамыз) Қазақстан құрамасы жүлде ала алмады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ауыр атлет 69 келіде жастар арасындағы ӘЧ қола жүлдегері Михаил Макеев жүлдеге бір табан жақын болған. Бірақ ол бапкерлер қойған тактиканы толық орындай алмады. Жұлқа көтеруде 125 келіні тек үшінші мүмкіндігінде көтерді. Ал серпе көтеруде 153 келіні көтерді де 166 келіге шығып, екі ретте де зілтемірді бағындыра алмады. Макеев қола жүлде алған спортшыдан он келіге ұтылып, төртінші орынға табан тіреді.
58 келіде сынға түскен Алтынай Дәмен бесінші орында. Спорттық гимнастикадан Ербол Жантықов он бесінші орын алды.
Қазақстанның басты үміті саналатын боксшылар мен балуандар жарысқа 23-тамыздан кейін шығады.
Әзірге Қазақстан қоржынында бір алтын бар. Ол жүлдені дзюдодан Бауыржан Жауынтаев иеленген еді. Қазақстан жалпы есепте 23 орында тұр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз