Нанкин Олимпиадасы: қызылордалық дзюдошы финалға шықты

37

0

Нанкин Олимпиадасы: қызылордалық дзюдошы финалға шықтыҚазақстандық дзюдошы Бауыржан Жауынтаев Нанкин Олимпиадасының финалына шықты. 
Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындары басталды. Байрақты бәсекеде дзюдодан 55 келіде ел намысын қорғайтын қазақстандық  балуан Бауыржан Жауынтаев финалда. Ол рейтингіне байланысты жарысты бірден жартылай финалдан бастады. Бұған дейін ол түркиялық Огузан Караканы  ұтты.  
Қазақстандық спортшының келесі  қарсыласы әзербайжандық Натиг Гурбанли болмақ. Финал Алматы уақыты бойынша сағат 16.00-де басталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз