Нанкинде ел намысын қорғайтын қызылордалық жасөспірімдер

39

0

Нанкинде ел намысын қорғайтын қызылордалық жасөспірімдерБүгінде жас спортшы жанкүйердің келешектегі зор үмітіне айналған. Көптеген әлемдік додада жерлестерінің мерейін асырып, олардың ыстық ықыластарына бөленіп келе жатқан Бауыржан Жауынтаев пен Адия Сайын үстіміздегі жылдың 14-30 тамыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін ІІ жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысады. 
Бауыржан былтырғы жылы Американың Майами қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында алғашқы алтын жүлдесін иеленіп, Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын. 
Бауыржанмен қатар, Олимпиада ойындарына Еуразиялық спорт ойындарының жеңімпазы Адия Сайын өнер көрсетеді. Қос спортшы да 17 тамыз күні боз кілемге шығады (Б.Жауынтаев 55 келіде, А.Сайын 44 келіде). 
Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын Сингапурда өткен тұңғыш Олимпиада ойындарында жерлесіміз ауыр атлетикадан Рүстем Сыбай қола жүлдені еншілеген болатын. Оның ізін жалғастыратын спортшыларымыздан Қазақстанның  туын көк аспанда желбіретеді деген үмітіміз бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз