Нарықта инфекция жұққан еттің болуына алаңдайды

59

0

Құс өсірушілер одағы Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірлесе жұқпалы аулуларға қарсы күресуде.
«Қазақстанның құс өсірушілер одағы» Заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті Руслан Шәріповтың айтуынша еліміздің сөрелерінде арзан әрі сальмонеллалар сынды құс етінің ауруларымен жұқтырылған тауар саны артып келеді. Қытайдың құс фабрикаларынан келетін тауар ішкі нарыққа негізінен Қырғызстан арқылы өтеді.
«2013-2014 жылдары қытайлық үйрек еті үлкен нарыққа Қызғызстан арқылы келгендігін анықтадық. Құс тұмауы мен «Ньюкасла» жұқпалы ауруларының тасылмалданған жағдайда кәсіпорынның толық жұмыс тоқтатуы немесе кейбір жағдайларда құстардың толық жойылуына дейін жеткізу мүмкін», – деп мәлімдеді «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» Заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті.
Мұндай жағдай Қазақстанның құс шаруашылығы саласын аса қауіпті және жұқпалы аурулар мен құс тұмауы вирустарының алып келінуі мен таралуына байланысты алаңдаушылық тудырады.
«Бүгінгі таңда ҚР территориясында жануарлар мен құстардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларына байланысты жағдай қуантарлық болып тұр», – дейді Руслан Шәріпов.
Еске салсақ, Қазақстанның салалық қауымдастықтары мұндай жағдайларға өз алаңдаулықтарын білдіріп келеді. Қазақстанның нарығына статегиялық маңызы бар шикізатты өткізу барысында белгілі бір шектеулер қоюда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгініп отыр. Кәсіпкерлер ведомства аралық комиссияның кезекті отырысында жоғарыда аталған ұсыныс талқыға салынып, қолдау табады деген үмітте.

www.atameken.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз