Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар жолға шығады

66

0

Наурыз мейрамына орай қосымша пойыздар жолға шығадыНаурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша пойыздар жолға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ таратқан мәліметтерге сәйкес қосымша пойыздар мына бағыттарда қатынайды: №154/153 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы 18 наурыз күні  Астанадан шығып, 19 наурызда Алматыға жетеді (бір бағытта ғана);  №157/158 «Алматы-2-Астана» жолаушылар пойызы Алматыдан 18 наурызда шығып, Астанаға 19 наурызда келеді (1 рейс); №160/159 «Алматы-Павлодар» жолаушылар пойызы Алматыдан 19 наурызда шығып, Павлодарға 21 наурызда жетеді  (1 бағытта ғана); №155/156 «Алматы-2-Арыс-1» жолаушылар пойызы Алматыдан 17 наурызда шығып, Арысқа 18 наурызба барады (1 рейс).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз