Наурызға арналған жарыстар өткізілді

44

0

Наурызға арналған жарыстар өткізілдіҰлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай спорт саласындағы мекемелер арасында эстафетадан және волейболдан жарыс өтті. Жарыстың мақсаты – қызметкерлерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Биыл бірінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа 14 мекемеден 200-ге жуық қызметкер қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев сала қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

Төрт күнге созылған жарыс нәтижесінде жалпыкомандалық есепте №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі бірінші орынды иеленді. Екінші орында – «Қажымұқан» спорт клубы, үшінші орында – №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі.
Эстафеталық жүгіруден ерлер арасында №6 футбол спорт мектебінің қызметкерлері бірінші келді. Екінші орынды №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, үшінші орынды «Қажымұқан» спорт клубы иеленді. Әйелдер арасында «Қажымұқан» спорт клубы көш бастаса, қалған орындарды №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі және №4 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі еншіледі.
Ал волейболдан №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің қызметкерлері өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Күміс жүлдені №5 облыстық балалар-жасөспірімдер 1-3 орындарды иеленген командалар диплом, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз