Назарбаев Асанәлі Әшімовпен 70-жылдары қалай кездескені жайлы айтып берді

56

0

Назарбаев Асанәлі Әшімовпен 70-жылдары қалай кездескені жайлы айтып берді Елбасы көрнекті өнер қайраткері Асанәлі Әшімовті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы биылғы 12 мамырда Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы театрда мерейтой иесінің құрметіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
«Әріптестеріңіз және зиялы қауым өкілдері Сіздің қызметіңізге жоғары баға берді. Біз 40 жылдан астам уақыттан бері таныспыз. Содан бері, әсіресе ел тәуелсіздігі қалыптасқан күрделі жылдарда әрдайым қолдауыңызды сезініп келемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Әшімовтің шығармашылық қызметі Кеңестер Одағы дәуірінде де лайықты бағаланғанын атап өтті.
«Сіз КСРО-ның, Қазақстанның халық әртісі болдыңыз, ең жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталдыңыз. Кино әлеміндегі Асанәлі Әшімовтің есімін күллі Қазақстан мақтан тұтады. Сіз Қазақстандағы сан-салалы шығармашылық өнердің саңлағы атандыңыз. Сондықтан елге керек қадірлі тұлға болып отырсыз», – деді Қазақстан Президенті.

Назарбаев Асанәлі Әшімовпен 70-жылдары қалай кездескені жайлы айтып берді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз