Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бес күндік оқу аптасына көшеді

46

0

Назарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бес күндік оқу аптасына көшедіНазарбаевтың тапсырмасынан кейін Қазақстан бес күндік оқу аптасына көшеді. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазір біз тапсырманы орындап жатырмыз, сондықтан да сіздерге бұл
жөнінде кейін толығырақ айтып береміз. Менің ойымша, бұл дұрыс тапсырма.
Дайындыққа көп уақыт кетеді деп ойламаймын. Алдағы айда бірдеңе белгілі
болып қалуы мүмкін. Менің ойымша, мұндай жүйеге көшуге 3-4 жыл уақыт
керек. Президент тапсырма берді, сондықтан да өзгерісті күту керек», –
деді Сағадиев.

Айта кетейік, Назарбаев бұған дейін мектептерде бес күндік оқу
стандартын енгізу мәселесін талқылауды тапсырған болатын. «Дамыған
елдердің мектептерінде бескүндік оқу аптасы енгізілген. Бұл баланың
қайтадан қалпына келіп, педагогтың демалып, сабаққа дайындалуына
мүмкіндік береді. Олардың кейбірінде, тіпті, сабақ аптасына төрт күн
ғана болады. Мұндай форматқа өту – дамыған елдерге ортақ тренд», – деді
Мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз