
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрылысы «2010-2014 жылдардағы ҚР-ның индустриалды- инновациялық даму» бағдарламасына енгізілген бұл өндіріс орны заманауи, толықтай автоматтандырылған, экологиялық қауіпсіз, жылдық қуаттылығы 500 000 тонна немесе тәулігіне 1 500 тонна құрайтын күкірт қышқылын өндіруде. Құрамында Қазақстанның әр өңірінен тартылған 248 тәжірибелі маман жұмыс жасаса, оның 130-ы Жаңақорған ауданының азаматтары. Зауыт қызметкерлеріне жұмыс жасауға толықтай жағдай жасалынған. Арнайы асханамен, вахталық жұмыс жасайтын азаматтар демалыс орындарымен қамтылған.