Өндіріс орындарына экскурсия

179

0

Өндіріс орындарына экскурсияОблыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы Қызылорда жылу электр орталығы мен «Абзал и К» ТС-ге экскурсия ұйымдастырды.
Жұмысшы мамандығын насихаттау мақсатында қолға алынған шарада жастар өндіріс орындарының күнделікті жұмысын көзбен көріп, мекеме тарихымен танысты. Тәжірибелі мамандармен еркін сұқбаттасып, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, мекеме басшылықтары мамандарға қойылатын талап жоғары екенін алға тартып, алдағы уақытта жұмыс жасауға шақырды.
Айта кетейік, қаладағы жылу электр орталығында шамамен 900 жұмысшы қызмет етуде. Ал сыр маржанын әлем нарығына ұсынушы «Абзал и К» толық серіктестігі бүгінде менеджменттік басқару әдісімен ерекшеленіп келеді.

Мөлдір СНАДИН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз