Өндіріс шығындарын төмендету көзделген

47

0

Өндіріс шығындарын төмендету көзделгенБіз еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық-осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз. Елбасымыздың биылғы Жолдауы егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. Бұл құжатта аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор екені, көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола алатынымыз атап айтылды. Сонымен қатар, шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз. Өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру қажет.
    Еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету керек. Бұл міндеттер агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет екенін айқындап берді. Биылғы жылы ауданымыз әр гектар күріштік жерден 58,3 центнерден өнім жинап, жоғары көрсеткішке жетті. Бұл жетістіктерге мемлекеттің көрсетіп отырған қолдаулары, жаңа заманауи технологияларды алу арқылы жетіп отырмыз. Алдағы уақыттарда ауданымызда өсірілетін күріш өнімін шет елдерге шығару мақсаты тұр. Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі-елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.  Бұл өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіспіз

    МАРАТ НАЯТҰЛЫ
    Қармақшы аудандық мәслихаттың хатшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз