Неміс делегациясы Достық үйінде

60

0

Неміс делегациясы Достық үйіндеБүгін Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің директоры Томас Хельмнің Сыр еліндегі бірлік пен татулықтың мекеніне айналған Достық үйінде болды. Кездесуге облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, Сыр еліндегі барлық этномәдени бірлестіктің жетекшілері, белсенді мүшелері қатысты.
Ең бірінші олар Достық үйінің музейін аралап, ондағы этнос өкілдерінің бірнеше ғасырлық тарихы, мәдениетімен және «Wiedergeburt» облыстық неміс этномәдени бірлестігінің бөлмесімен танысты.
Облыста этносаралық келісімді нығайту саласында этномәдени бірлестіктер мен азаматтық институттардың өзара қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Осы орайда, Т.Хельм Сыр өңіріне түрлі тарихи жағдайлардың əсерімен қоныс тепкен этностар, олардың жергілікті қазақтармен қарым-қатынасы, дəлірек айтсақ, аймақтағы татулықтың тарихи тамырларына баса назар аударды. Сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алды.
Жүздесу барысында облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова ел бірлігі жəне оны қамтамасыз етудегі Елбасымыздың тегеурінді де сарабдал саясатының басым бағыттары, этносаралық ынтымақ- тың іргесін бекіту бағытында атқарылған жұмыстардың нақты нəтижелерін тілге тиек етті.
Кездесуде барлық этнос өкілдері салт-дәстүрлері мен мәдениеттерін өзара құрмет тұтып, дос көңілмен араласып, құда-жегжат болып біте қайнасып, ынтымақты өмір сүріп жатқандығын айтып өтті. Сондай-ақ, аталмыш Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің директоры Томас Хельмнің ілтипаттылығына ризашылығын білдірді.

Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз